Қуғын-сүргінге ұшырағандар ешқашан ұмытылмайды

510
ешкім ұмыт болмайды

31 мамыр- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Ешкім ұмыт болмайды

Кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлмат жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Бұл қасірет жайлы ашық айту Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері мүмкін болды.

31 мамыр -Саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күні ресми 1997 жылы бекітілді.
Алғаш құрылған жылдары обкомның екінші хатшысы болған, қанды 1938 жыл ату жазасына кесілген облыстың атқару комитетінің екінші хатшысы Исмаилбек Сатыбалдиевтің туыстары сүйегі осында жатқан аталарына құран бағыштады.

Исмаилбек Сатыбалдиевке халық жауы деп айыпталғаннан кейін оның әулеті де қуғын-сүргінге ұшыраған. Інісі жұмыстан қуылып, екі қарындасы оқудан шығарылады.

Қуғын-сүргінге ұшыраған Исмаилбек Сатыбалдиевтің туыстары

Әділбек Сұлтанов, қуғын- сүргінге ұшыраған Исмаилбек Сатыбалдиевтің немересі: «Қызылқұм райкомының бірінші секретары болғанда 1937 жылдың 25 тамызында қамалады. 1938 жылы ақпанда осындағы «Лисий овраг»немесе  «Оқжетпес» деген жерде атылды. Мұнда екі жарым мың азаматтың сүйектері кейін 1988 жылы мына жерге  қайта жерленді».

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «Қасірет» мемориалына тек шымкенттіктер емес бүкіл Оңтүстік өңірінен келеді. Келес ауданынан арнайы келген Мамлакат Артығалиева қайынатасының қайда жерленгенін білмейді. Халық жауы деген таңба басылып, түрмеге түскен Өтепалы Артығалиевтың соңғы сәттері жайлы туыстарына жеткен хат та жоғалған.

Мамлакат Артығалиева

Мамлакат Артығалиева, қуғын-сүргінге ұшыраған Өтепалы Артығалиевтің келіні: «Жатқан жерлері жайлы болсын, Қазақтың қаншама бетке тұтар перзенттері зиялылары атылып кетті ғой. Өзім атамның көзін көрмегенмін, мына немерелерімді алып келдім аталары жайлы ұмытпасын деп. Атамыз сельсоветте басшы қызметін атқарған».

Кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлмат жылдары қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Алайда олар ұмыт қалмады, қалмайды да. Тарих оған жол бермейді.

Шынар Оразова