Апиын алып өтемін деп абақтыға қамалды

181

 Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Жібек-жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасынның азаматы Рахманов Камоладдин Фарходович 24.09.1976 жылы туылған Өзбекстан Республикасының аумағына қарай өту кезінде аса ірі мөлшердегі есірткі заттармен «каннабис шайыры» — салмағы 78,0662 грамм және «апиын» — салмағы 58,3431 грамм ұсталған болатын.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Рахманов Камоладдин Фарходович есірткі затын тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Аталған есірткі заттары Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бүгінгі таңда жойылған.