«Династия» жобасының аясында АТФБанк Қазақстанның отбасылық бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті. Кәсібін енді ғана ашқан азаматтарға отбасылық бизнестің артықшылықтары туралы айтылды.

Кәсіптің мұндай түрі өте тиімді екендігін Кахраман Исмаилов та айтып отыр. Басында кәсібін көкөніс сатудан бастап, кейіннен АТФ Банктен несие алып, құрылыс материалдарын шығаруға көшкен.

Кахраман Исмаилов, кәсіпкер: «19 жыл болды фирмамызға. 100 адам жұмыс істейді. Қазір балам, әйелім бәрі өзімде істейді. Ал АТФ банкпен 15 жылдай жұмыс істеп жатырмыз. 13-14 жылға дейін кредит үлкен болған. 14 жылдан бері қарай «Өндіріс» бағдарламасы бойынша 6 пайызға кредит алып істеп жатырмыз.

АТФ Банктің армандарды орындайтындығын тағы да бір тұрақты тұтынушысы растап отыр. Банктің төмен пайызбен беретін несиесінің арқасында Жанаткүл Төлеуова бүгінде бірнеше табысты кәсіптің иесі.

Жанаткүл Төлеуова, кәсіпкер: «Құжаттарды тез-тез дайындап бергенімізге қарай ақшаны алып отырдым. Енді қазір АТФ банктің арқасында деп айтсам да болады. Бұрын тек көрпе-төсек сататынмын. Банк қолдауының арқасында цех аштым».
Бизнес кездесуде сөз сөйлегендердің қатарында АТФ Банктің Шымкент қаласындағы филиалының директоры да болды. Ол өз сөзінде АТФ Банк кәсіпкерлерге қол созуға дайын екендігін айтты.

Бақытжан Қалымбетов, АТФ Банктің Шымкент қаласындағы филиалының директоры: «Біздер АТФ Банк 2016 жылы несиені рәсімдеу үшін құжатты қараудың орташа мерзімі 43 күн болса, қазір ол 10-14 күн алады. Бірақ, бір ескерте кететін жайт, кәсіпкерлер қажетті құжатты толықтай өткізу қажет».

Отбасылық бизнес еліміздің нарығындағы болашағы бар және дамып келе жатқан сегменті. Сондықтан да АТФ банк отбасылық бизнеске қолдау көрсетіп, олардың идеяларын жүзеге асыруға атсалысады. 2018 жылдың өзінде банк тұтынушыларыынң қатарына 10 000-нан астам кәсіпорын қосылған.