Қатерлі ісіктердің жаңа өскіндері әлемдегі денсаулық пен өмір ұзақтығына төнген негізгі қауіптердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 18,07 млн адам қатерлі ісік дерттеріне шалдығады екен.
2018 жылы қатерлі ісік дерттері салдарынан әлемде 9,6 млн адам көз жұмған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қатерлі ісіктің кеңінен тараған түрлеріне келесі сырқаттар жатады: сүт безінің, тоқ және тік ішектер, қуықалды бездің, асқазанның қатерлі ісіктері жатады. Осы дерттерге қарсы күресте кеңінен таралған қиындықтарға адамдардың медициналық көмекке дерттің әбден асқынған кезде жүгінуі мен сырқатқа дер кезінде диагноз қоюдың жеткілікті деңгейде қолжетімді болмауы жатады. Ал бұл өз кезегінде сырқаттылық пен сауығу деңгейіне кері әсерін тигізеді. Мәселен, 2017 жылы табысы төмен елдердің тек 26%-нда ғана патологияларды есепке алудың жалпыға қолжетімді қызметі жұмыс істеді. Табыс деңгейі жоғары елдердің 90%-нда тиісті медицина қызметтер қолжетімді болды.
Бұл мәселелер Қазақстан үшін де өзекті. Қатерлі ісікті зерттеудің халықаралық агенттігінің деректері бойынша, өткен жылы елімізде 34 000 адамға алғаш рет қатерлі ісіктерге байланысты диагноз қойылды.
Қатерлі ісіктердің жаңа өскіндерін ерте анықтауға бағытталған зерттеулерді жүргізу – пациенттердің денсаулығы мен өмірін сақтаудың негізгі әдістерінің бірі. ДДСҰ мәліметтері бойынша, сүт безінің қатерлі ісігі, жатыр мойыншығының қатерлі ісігі, ауыз қуысы мен тоқ ішектердің қатерлі ісігі сияқты қатерлі ісік түрлері ерте анықталған және заманауи терапия әдістерімен емделген жағдайда сауығудың жоғары деңгейін көрсетуде. Қазақстанда қатерлі ісіктер дерттеріне жанжақты диагноз қоюға деген сұраныс артып келеді. Нәтижесінде, отандық медицина нарығында диагностика мен емнің санқилы түрлерін ұсынған жаңа ойыншылар пайда болуда.
Алматыдағы баспасөз мәслихатында әлемнің үшздік онкологтары – Америка хирургтары алқасының, сондай-ақ Хирургтардың Еуропалық ассоциациясының мүшелері қазіргі әлемде үлкен сұранысқа ие болған диагностика түрлері туралы әңгімеледі. Атап айтсақ, олар — рентгенография, ультра дыбыстық зерттеу, эндоскопиялық әдістер, компьютерлік томография, МРТ (магнитті-резонансты томография), ПЭТ-КТ (позитронды-эмиссиондық томография, компьютерлік томография), онкомаркерлерге тестілеу, ұлпа биопсиясы. ПЭТ-КТ – ішкі ағзаларды зерттеуге мүмкіндік беретін томографии түрі. Онкомаркерлерге тестілеу – қатерлі ісік дерттерін бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін қан анализі.
«Диагноз қоюда біз әлемдік медицинаның заманауи әдістерін пайдалануға тырысамыз. Мәселен, Стамбулдағы Anadolu емханасында бастапқы кезеңде диагноз қоюдың бірегей әдісі — СTC (Circulating Tumor Cells — ісік ұлпаларын айналмалау) пайдаланылады. Сондай-ақ бұл әдісті «сұйық биопсия» деп те атайды. Дәстүрлі әдістермен анықтау мүмкін болмаған сәтте, ол бір тамшы қанның көмегімен қатерлі ісікті ең бастапқы даму кезеңінде анықтайды», — дейді американдық радиациялық хирургтар қоғамы диреторлар кеңесінің, Еуропа радиациалық хирургтар қоғамының (ESTRO) мүшесі, радиациялық хирургия профессоры Хале Чалар.
Қатерлі ісіктің жаңа өскіндерінің санқилы түрлерін емдеуде дертпен тиімді күресуге мүмкіндік беретін әдістер қолданылады.
«Біз заманауи құрал-жабдықтарды ағзаның зақымданған жерлерін анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ оларды емдеу үшін де қолданамыз. Қатерлі ісіктер терапиясында біз келесі аппараттарды: радиохирургиялық «кибер-пышақ» қондырғысын, Varian Edge сәуле терапиясын, Radixact томотерапия жүйесін, Da Vinci роботтандырылған хирургиялық жүйесін пайдаланамыз», — дейді жалпы хирургия жөніндегі маман, Anadolu емханасы Сүт безі дерттерін зерттеу орталығының басшысы, профессор Метин Чакмакчи.
Роботтандырылған «кибер-пышақ» қондырғысы аса үлкен емес ісіктерді ота жасамай емдейді. Ол тек зақымданған ұлпаларға сәуле түсіреді.
Varian Edge қондырғысы дененің кез келген бөлігіндегі түрлі өлшемдегі ісіктерге аса жоғары радио әсер жасауға бағытталған. Оның көмегімен радиотерапевтік және радиохирургиялық ем жүргізіледі. Radixact томотерапия құрылғысы емшектегі қатерлі ісіктің ауқымды жаңа өскіндерін, жұлындағы ісіктерді, сүйек метастаздарын емдеу кезінде пайдаланылады. Аппарат бүкіл денеге сәуле терапиясын жүргізуге мүмкіндік береді, бұл қандағы және кемік майындағы қатерлі ісік орын алғанда өте маңызды. Қатерлі ісікті емдеудің жеке түрі – шағын инвазивті оталар. Оларды жүзеге асыруға Da Vinci хирургиялық жүйесі көмектеседі.
«Барлық қажетті терапевтік ем-шаралардан кейін пациентке паллиативтік медициналық көмекті көрсету аса маңызды рөл атқарады. Паллиативтік көмек – онкологтардың, фармацевтердің, әлеуметтік сала еңбеккерлерінің, медбикелердің және т.б. тәжірибесіне негізделген кешенді әдістеме. Көмектің бұл түрінің мақсаты – пациенттерге тұрмыстың үйреншікті салтын неғұрлым ұзақ қамтамасыз ету, сөйтіп, өлімді соғұрлым алыстату. Бұл әдістеме пациентке күтім жасауда психологиялық сәттерді айналып өтуге, сондай-ақ олардың туған-туыстарына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», — дейді профессор Хале Чалар.
Профессор Чакмакчи қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігін әрқашан төмендетуге болатындығы туралы айтты. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану және адам папиломы вирсуына (АПВ) қарсы екпе жасау қажет. ДДСҰ деректері бойынша, АПВ-ға және В гепатитіне қарсы жасалатын екпе жыл сайын қатерлі ісікке шалдығудың 1 миллионға жуық мүмкіндігіне тосқауыл қояды екен. Anadolu орталығының мамандары көп жағдайда қатерлі ісікті емдеуге болады деген сенімде, ең бастысы – ауытқуларды дер кезінде анықтап, қажетті терапияны бастау.