Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» іс асырылуы «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының қоғамдық кеңесі отырысында талқыланды. Нұротандықтар «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын орындауда анықталған кемшіліктерді жоюды жауаптыларға тапсырды.

«7-20-25» бағдараламасы аясында несие негізінде берілетін баспанаға өтініш берген азаматтардың саны Шымкентте өзге республикалық маңызы бар қалалармен салыстырғанда едәуір төмен. Баспана алуға миллион халқы бар шаҺарда небәрі 2, 5 млрд несие берілген. Қаржыгер бұл уақытша жағдай, статусы жоғарылаған Шымкенттің экономикасы өсіп, үлкен көрсеткішке жетеміз деген үмітте.

Әнуар Ботанбеков, ҚР ҰБ Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы: «Шымкент қаласы бойынша 450 арыз қабылданып, оның 239 мақұлданды. Шымкент статус алғанымен Нұр-Сұлтан, Алматыға қарағанда өте төмен».

Тұрғындардың мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болуына аса құлшынбай отырғанына салынып жатқан үйлердің сапасы да себеп. Жиған тергенін баспана алу үшін бастапқы жарнаға құйып су жаңа пәтерде қоныстанған жерлесімізтеріміздің қуанышы ұзаққа бармады.

Ғалымжан Өтембаев, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары: «4 мекеме мердігер, техникалық бақылау, авторлық қадағалау мен құрылыс басқармасы қабылдап алады»

Шымкент қаласында биыл 132 көпқабатты тұрғын үйдің 77 — і пайдалануға беріледі. Олардың 11-і, яғни 656 пәтер кредиттік тұрғын үй. Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» ең өзекті мәселе баспанамен қамту мәселесі «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының қоғамдық кеңесінің қатаң бақылауында болады.

Шынар Оразова