«Берлинге» деген жазуы бар Т-34 танкі Шымкенттің көшелерімен жүріп өтті

159

9-мамыр Жеңіс күні Шымкенттің көшелерімен жүріп өткен танк бейнеленген автокөлік қалалықтарды қайран қалдырды. Ерекше безендірілген «Тойота» көлігі расында соғыс кезіндегі танкті еске түсіреді.

Жоба авторы өзінің Жеңіс күніне деген ерекше құрметін осылайша білдіргісі келген сықылды. Қалай болғанда да бұл жобасы қала тұрғындарына ұнағаны сөзсіз. Қала көшелерімен жүріп өткен көлікті әр қырынан түсіріп алған жүргізушілер жарыса әлеуметтік желіге жүктеп жатты.