«Бизнеске арналған Үкімет» жобасының тұсаукесері өтті

142

Шымкентте «Бизнеске арналған Үкімет» жобасының тұсауы кесілді. Бизнестің биігін бағындырғысы келетіндерді қолдау мақсатында қолға алынған жобаның көздегені — кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету.

Бұрын әр тарапта қызмет көрсеткен жүйе біріктіріліп «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Енді кәсіпкерге өзіне қажетті барлық сауалдың жауабын бір жерден алуға мүмкіндік жасалды.

«Бизнеске арналған Үкімет» жобасы еліміз бойынша Маңғыстау мен Алматыдан кейін үшінші болып Шымкентте ашылып отыр. Онда 7 түрлі қызмет ұсынылады. Оның ішінде 71 түрін онлайн алуға болады. Мұнда мемлекеттік мекемелер де қызмет көрсетеді.

Нұрлан Қабыштаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры: «Бұған дейін бұл қызметтердің барлығы да жұмыс істеген. Бірақ жеке-жеке. Әр даму институттары бөлек қызмет көрсететін. Мақсатымыз барлық қызмет түрлерінің басын бірітіктіру. Бірыңғай жүйе құру. Кәсіпкерге әр жерге барып жүргеннен бір жерден, «бір терезеден» алу тиімді болып отыр. Тиімділігін көтеру мақсатында бірыңғай жүйе құрып отырмыз».

Гүлжан Көшерова