Өңір мен мегаполис классиктерінің басын қосқан бәсекеге 100-ге жуық қатысушы келген. Олар 5 салмақ дәрежесінде жүлдені сарапқа салды.
Айта кетейік, соңғы жылдары спорттың бұл түрінен шымкенттік балуандардың жетістігі жоғарылап келеді. Сондықтан болса керек, жақында ғана жұмысын бастаған академияда санаулы спорт қатарына күрестің классикалық түрі таңдалған.
Қанат Сұлтан, ММА Шымкент академиясының директоры: «Біздің басты мақсатымыз — грек-рим күресінің деңгейін одан әрі жоғарылату. Бұл спорттың олимпиадалық түрі. Туымызды әлемдік аламанда қорғайтын балуандар осындай жарыстарға қатысу арқылы шыңдалады. Академия бағыты да ел намысын қорғайтын мықтыларды дайындау».
Назерке Үкібасова