Ішкі туризмді дамытуға арналған ақпараттық тур басталды

318

Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуына тұсау болып отырған мәселе – ақпараттың кемшіндігі. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Kazakh Tourizm ҰҚ” АҚ ақпараттық турлар ұйымдастыруды бастап кетті.

Шетелдің ғажайып жерлері туралы білетіндер еліміздегі демалысқа жайлы жұмақ мекендердің бар екендігінен хабарсыз. Алғашқы лекте Батысқазақстандық туристік агенттіктер еліміздің туристік мүмкіндіктерін өз көздерімен көріп, туристерді тарту мақсатында ел аралауға шықты.

Күні кеше Шымкентке табан тіреген олар күнгейдің туристерді қызықтыратын аймақтарымен танысып шықты. Туристік агенттік операторлары батысқазақстандықтардың көбіне Сарыағаштағы санаторилерге көптеп ұсыныс түсетінін, сондай-ақ, киелі мекен Түркістанға да сұраныс жоғары екенін айтып отыр.

Әсем Қарасаева, туристік агенттік менеджері: «Қазақстандықтардың шетелден гөрі еліміздің керемет жерлерінде демалып, ішкі туризмін дамытуға үлесін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Батыс Қазақстанның 4 қаласынан 12 адам келдік. Бүгін Шымкентке келдік, ертең Сарыағашқа, одан әрі Алматыға, Өскеменге барамыз деген жоспарымыз бар».