Осылай деп дабыл қаққан дін өкілдері бұл үрдіске саф мағынасын қайтару маңызды дейді. Әйтпегенде, түнделетіп көше кезген бозбалалар бірдеңеге ұрынып қалуын айтпағанда, түн қатып, босаға аңдып, баукеспеге айналмасына кім кепіл? Табыс көзіне айналып бара жатқаны Қасиетті айдағы салт туралы тарқатып өтсек.
Күн сайын дәмхана мен үйлерді жағалайтын бұл балалар жарамазан айтудың хас шеберіне айналған. Айтуларынша 3 жылдан бері рамазан айын ерекше асыға күтеді. Бірақ ауыз бекіту үшін емес, ауызашар уақытын сүйіншілеу үшін. Олар бір кештің өзінде 4000-5000 теңге олжалап қайтады.
Жарамазан бүгінде ересектердің де ерекше кәсібіне айналған. Рахымжан Бауыржанұлы бұл мүмкіндікті қалт жібермейді. Негізгі кәсібі әнші болған ол, ораза басталысымен сахнадан түсіп, үйлерді жағалайды. Табатын табысы да жаман емес. Бір кештің өзінде 100 мың теңге табады.
Ал, имамдардың бұл ретте өз пікірі бар. Дін өкілдері жарамазанның қайыршылық кейіпке түскеніне ашынады. Бұл дәстүрдің түпкі мақсаты тіптен бөлек болған.
Бастағы бағытынан айныған дәстүрді түзету үшін имамдар кітаптар шығармақ. Онда түрнұсқадағы жарамазан жырлары жинақталатын болады. Және көше жеткіншектеріне таратылу жоспарланып отыр.
Назерке Үкібасова