Кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

277

Мақтаарал ауданында тұратын көпбалалы Мамытовтар отбасында үлкен қуаныш. Қасиетті Ораза айының алғашқы күні жергілікті кәсіпкер бұл отбасыға жаңа баспана сыйлады.

Талай жылдан бері бөтеннің табалдырығын тоздырып, пәтер жалдап келген Мамытовтардың отағасы мүмкіндігі шектеулі жан. Бес баланың әкесі Мұхтар жұмыссыз, ІІ топ мүгедегі. Көпбалалы ана Ұлдықыз Мырзакент кентіндегі «Абылайхан» жалпы орта мектебінде еден жуушы болып еңбек етеді. Бес перзенті де кәмелеттік жасқа толмаған.

Жақында ғана құрылған​ «Мақтаарал баспана» қоры арқылы баспанаға шын мұқтаж отбасын оразаның алғашқы күнінде қуантуды ниет еткен кәсіпкер Жұмабаев Орынбасар Қаппарұлы мұндай игілікті шараның алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.

Жанар Есенбекова