Паркоматтардың ережесі әлі толық дайын емес…

117

«Отырар» телеарнасының назарына іліккен мәселе шешімін тапты. Мемлекеттік саябақ аумағындағы ақылы тұрақ енді жоқ. Бұдан былайғы уақытта қала тұрғындарына ол жерге көлік қою тегін. Ал заңды түрде іске қосылуы тиіс болған паркоматтардың ережесі әлі толық дайындалып та үлгермеген.

Осыдан бірер апта бұрын шынжырмен қоршалып тұрған аумақ бүгінде ашық. Тегін болуы тиіс дүниенің аяқ асты ақылы болып кеткендігін көрген Алмас Архабаев қаржы төлеуден бас тартқан. “Ауадан ақша істейтін осындай заңсыз тұрақтар шаршатты” дейді ол

Алмас Архабаев, қала тұрғыны: “Бұл жер мемлекеттің меншігінде. Дұрыстап чек те бермейді. Бір жапырақ қағаз береді, болды. Төлемей жатырмын. Бүгін жоқ қой тегі…».

Ал “Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация” басқармасының басшысы алдағы уақытта мұндай заңсыз ақылы тұрақтар мүлде болмайды дейді. Алайда, тегін автотұрақтардың қатары керісінше қысқарады. Бұдан былай тіпті жол бойындағы тұрақтар да ақылы болмақ.

Рашид Аюпов, “Шымкент Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы: “Біздің де мақсатымыз – қаладағы көлік тығынын азайту. Ақылы автотұрақ пайда болғаннан кейін адамдар көліктерін ойланып қоятын болады. Тірліктерін тез-тез бітіріп, кетуге тырысады”.

Мамыр айында іске қосылады деген ақылы автортұрақтың әлі ережесі де бекітіліп үлгермепті. Бүгінде кем-кетігі толықтырылып, қоғамдық кеңес пен мәслихаттың қарауына жіберілмек.

Меруерт Ахан