ҚР Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ұсынылды

238

ҚР Парламент Сенатының депутаты міндетін аяқтаған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының орнына Шымкенттен жаңа кандидат ұсынылды. Парламент Сенатында бос қалған депутаттық орынға сайлау алдағы уақытта өткізіледі.

Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС – нің директоры Айгүл Қапбарованы ұсынды. Бұл ұсынысты қалалық мәслихаттың кезектен тыс шақырылған 49 сессиясына келген барлық депутаттар бірауыздан қолдады.

Нұрлан Күдерұлы