Сайрам ауданында 9 мамыр күні ауызашар кезінде газ балоны жарылған. Жарылыс салдарынан сегіз адамды күйік шалған. Барлығы да Сайрам аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Үшеуінің жағдайы аса ауыр дейді дәрігерлер.
Біраз жылдан бері шаурма жасап сатумен айналысып келген дәмхананың иесі мен 5 жарым жасар баласын да күйік шалған. Бүлдіршін аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ауызашар кезінде жарылыс салдарынан сегіз адам 19-90 пайызға дейін күйік алған.
«Сайрам аудандық орталық ауруханасында 8 адам жатыр. Оның 3-ң жағдайы ауыр. (Ішінде 5,5 жасар бала бар). 6 адам жансақтау бөлімінде. Науқастарға барлық медициналық көмек толық көрсетілуде. Олардың жағдайы бірқалыпты болған жағдайда науқастар Облыстық клиникалық ауруханаға ауыстырылады»-деп хабарлайды Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.
Жанар Есенбекова