Сарыағашта «Sulpak» жаңа заманауи тұрмыстық техника және электроника дүкені ашылды Қала орталығында орналасқан сауда нүктесінің тұсаукесеріне саялы мекен жұрты көптеп жиналды. Себебі 4 күн бойы дүкеннен кез -келген техниканы өте төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Әрі банк арқылы рәсімдеуде ешқандай үстемесіз, бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылып отыр.

Тұрмыстық техника сататын «SULPAK» дүкендер желісі еліміздегі ең ірі сауда маркасының бірі. Гипермаркеттің Сарығаштағы нүктесінің ашылуына орай қала тұрғындары арасында түрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді. Жергілікті тұрғындар заманауи дүкеннің ашылғанына дән риза.

Рахымберді Оспанов, Сарыағаш қаласының тұрғыны: «Сарыағаш күннен күнге дамып келеді. Соның ішінде «Sulpak» дүкендер желісінің ашылуы баршамызды қуантып отыр. Бұл деген заманның талабына бетбұрыс. Бұрын жабайы сауданы да көріп едік, мынау кереметке айтар сөзіміз жоқ».

Орынбаевтар отбасы жаңа дүкеннің ашылуын ұзақ күткен. Үйге қажетті электорнды тауарларды тамашалап, сапасы мен бағасына көңілдері толып отыр. Енді олар банк арқылы рәсімдеп асүй техникасын алмақ.

Гүлзипа Орынбаева, Сарыағаш қаласының тұрғыны: «Келіп көріп отырмыз. Бәрі жақсы. Қазір етшеккіштерді көрдік, бағасы ұнады. Бәрі жақсы. Сапасында мін жоқ, қазір осы заттарды алсақ па деп отырмыз».

Қазақстандағы 119-шы дүкен «Sulpak»-тан бәрін табасыз. Заман өзгерген сайын технологиялар да жаңаратыны сөзсіз. Сондықтан, жаңашылдықты бренд еткен «Sulpak» компаниясын бүгінде нарық жақсы біледі. Компания басшылары «бұл бизнесте біз үшін ең маңызды капитал – ол халық. Сондықтан, оларға ең соңғы үлгідегі қондырғыларды жеткізу-міндетіміз» деп санайды.

Ақан Сапарбаев, Сарыағаш қаласындағы «Sulpak» дүкенінің директоры: «Біз өз клиенттерімізге ең жақсысын ұсынамыз. 4 күн бойына жеңілдіктер жасалып, арзандатылған бағамен халыққа тұрмыстық техника сатамыз деп жоспарлап отырмыз».

Кәсіпкерлік – қоғам дамуының негізгі күші. Сондықтан да Елбасы осы саланы дамытуға ерекше назар аударып, мемлекеттік қолдаулардан кенде қалдырмаған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несиелер беріп, әлеуметтің әлеуетін жақсартуға мүдделі. Бұл тұрғыда «Sulpak» дүкендер желісінің үлесі зор. Өйткені қазірдің өзінде жергілікті 30 азаматты жұмыспен қамтып, жастардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттырып отыр.