Шығыстық үлгіде қайта жаңартылуда

54

Түркістан қаласында бой түзейтін ғимараттардың бәрі шығыстық үлгіде салынатын болады. Кесененің маңайы абаттандырылып көркейеді.  Қазір кесененің маңайында  жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы басталды.

Тұңғыш Президент есімімен аталатын даңғыл, яғни жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы –  осы өңірдің тарихи құндылығы ескеріле отырып, шығыстық үлгіде жүргізілетін болады.

Жалпы көлемі – 12.9 гектар аумақты құрайтын алаң толығымен реконструкциядан өтеді. Оның ішінде жаяу жүргіншілермен траспортпен жүрушілерге арналған аллея, велосипедшілер мен электрлі машиналарға арналған жолдар, қарқынды көгалдандыру, субұрқақтар кешені, ауызсу бұрқақтары жасалатын болады. Қазіргі таңда бұл аумақтың құрылысын «ВAZIS-A» компаниясы жүргізіп жатыр.