Шымкент нарығында контрафактілі тауарлар көбейіп кетті

228

Шымкентте кеден қызметкерлеріне түпнұсқа мен көшірме заттарды ажырату үшін семинар өтті. Ол үшін халықарлық конрафактімен күресу және брендтік құқық иелері арнайы келген. Басты мақсат күн санап өрісін кеңге жайып келе жатқан заңсыз тауарларды нарықтан алып тастау.

Көшірме тауарларды түпнұсқадан ажырата алмаған кеден қызметкерлеріне брендтік құқық иелерінің өкпесі қара қазандай. Айтуларынша шекарадан өтетін заңсыз көшірмелердің қатары күн санап артып келеді. Осының нүктесін қою үшін олар түпнұсқаның қандай болатынын түсіндіруге Шымкентке арнайы келген.

«Шымкент қаласы бойынша 40 немесе 50 пайыз заңсыз тауар әкелінеді. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Әрине тауарлардың барлық бірдей түрінде емес. Заңсыздықпен кім бұрыннан бастап күресіп келе жатса, онда оларда төмен. Десе де әлі жойылмай келе жатыр. Бұл мемлекетке де, тауар өндірушіге де, оны сатушы мен алушыға да пайдалы емес», дейді мамандар.

Жалпы жыл басынан бері қаламызда заңсыз тауар айналымы бойынша 5 іс қозғалған. Көшірмелердің арасында тек киім-кешектер ғана емес, одан бөлек кофе, сағыз, сусабындар да бар.

Мұхтар Әбдезов, меншіктік құқық бөлімінің басшысы: «Құқық иелерінің өздерінің айтуынша Қазақстанға көбінесе Қырғызстан, Әзірбайжаннан келеді. Қазақстанның өзінде арнайы зауыттар шығарады деп айта алмаймыз. Контрафактілі заттың өзін тек құқық иегері ажырата алады. Оны қарапайым халықтың өзі де айыра алмайды. Осы үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылып отыр».

Заңсыз тауар әкелудің зияны бренд иелеріне ғана емес мемлекетке де тиеді. Ел эканомикасына кері әсерін беретін келеңсіздіктердің алдын алудағы бұл тек бастамасы дейді әділет департаментінің мамандары.

Назерке Үкібасова