Шымкентте алғаш рет триатлоннан Азия кубогі өтеді

101

Аталған жарысқа Азия елдерінен 130-ға тарта кәсіби спортшы қатысады. Кубоққа талас 3 кезеңнен тұрады. Спортшылар алдымен 1500 м жүзіп өтіп, кейіннен велосипедпен 40 шақырым қашықтықты еңсеріп, жарыс соңын 10 шақырымға жүгірумен қорытындылайды.

Дода «Жайлаукөл» саябағында 25 мамыр күні сағат 08:00-де басталады. Ал марапаттау рәсімі 26 мамыр күні өтеді.

Меруерт Ахан