Шымкентте Қазақша күрестен Қазақстан кубогы басталды

318

600-ден астам спортшының басын қосқан жарысқа 20-ға жуық команда келген. Олардың арасында бұрымды балуандар да бар. Айта кетейік, ұлттық спорттан басталған бәсеке қаламызда тұңғыш рет жалауын көтеріп отыр. Жарыс апта соңына дейін жалғасады.

Әлібек Нұртаев, Шымкент қаласы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы: «Басты кезекте өзіміздің ұлттық құндылығымыз қазақ күресіміз, тоғызқұмалақ ат спорт түрлерін дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Осындай жарыстан арқылы мықты деген спортшыларды таңдап, әлемдік аренаға шығарамыз».

Кубоктың алғашқы күні жарыс жолына 4 салмақ дәрежесіндегі спортшылар шықты. Ал, үшінші мегаполис намысын Шымкент барысы мен Қазақстан барысына қатысушылар қорғаған болатын. Бірақ, жерлестеріміздің ешбірі жүлделі орындарға іліге алмады.

Әбдіқасым Сахан, жарыс жеңімпазы: «Жеңеміз деп келдік қой. Бүгін жеңімпаз болып жатырмыз. Қарсыласымды жамбас ұпайымен ұттым. Финалда ақтық сында. Қарсыласым мықты палуан».

Назерке Үкібасова