Шымкентте Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті

345
фото shymkent.gov.kz

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесін салтанатты түрде атап өтілді. Мерекелік жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, құқық қорғау органдары, әскери бөлімнің қызметкерлері мен осы саланың ардагерлері қатысты.

«Бұл мереке – батырлықтың, отансүйгіштіктің мерекесі. Халқымыз елінің, жерінің қорғаны болған батырларын ерекше ардақтап, құрмет тұтқан. Елдегі әскери күшіміздің мығым болуы үшін көптеген жұмыс істелуде. Солардың бірі — Шымкентте алдағы уақытта әскери комиссариат ғимараты, Жас Ұлан мектебі салынады. Қазір олардың жобасы дайындалуда. Сонымен қатар полиция департаменті және өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаттығатын спорт кешені салынады. Әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де жүйелі шешілуде», — деді қала әкімі Ғ. Әбдірахымов.

Салтанатты жиын барысында қала әкімі прокуратура, полиция қызметі, төтенше жағдай салалары мен әскери бөлімдердің үздік қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады. Бағдарлама соңы өнерпаздардың концертіне ұласты.