Шымкент қаласының полиция қызметкерлері бүгін сағат 8:30-дар шамасында Жібек-Жолы мен Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасын анықтады.
Онда Жібек-Жолы көшесінің бойымен Т.Рысқұлов көшесі жағынан Ж.Аймауытов көшесіне қарай жүріп келе жатқан «Toyota Camry» маркалы автокөлігі жол бермей, Жібек-Жолы көшесімен Т.Рысқұлов көшесіне қарай қарсы бағытта келе жатқан Жергілікті полиция қызметінің «JAC S5» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі автокөлікке де материалдық шығын келтірілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүргізушілер үйлеріне қайтарылған. «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.