Шымкентте заманауи жаңа үй бой көтереді

324
фото shymkent.gov.kz

Үшінші мегаполис әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен TAMERLAN RESIDENCE тұрғын үй кешені құрылысының таныстырылымы өтті.

Бизнес-класты тұрғын үй кешенінде барлығы 349 пәтер бар. Жалпы көлемі 51 мың шаршы метрді құрайды. Үйдің 7 блогы мен екі деңгейлі жерасты паркингі салынады.

BI Group компаниясының салтанатты іс-шарасына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов алдымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, тұрғын үй кешені құрылысына сәттілік тіледі.

Бүгін – қаламызда ерекше оқиға. Жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. BI Group компаниясына алғыс білдіремін. Аталған компания қалада бірнеше жобаны сәтті жүзеге асырып келеді. Оның бірі – келесі жылы салтанатты түрде ашылатын Конгресс холл. Қала тұрғындарына жайлы баспана салу ісін қолға алып отыр, -деді қала әкімі.
12-16 қабатты ғимараттардың құрылысына травертин мен гранит секілді табиғи материалдар пайдаланылады. Ол жасыл аулалар мен кешен ішінде үйлесімді орта қалыптастырады.

Тұрғын үй кешені әкімшілік-іскерлік орталығында, Байтереков көшесінің бойында орналасқан.

Салтанатты іс-шарада эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен «7-құрылық» би тобы өнер көрсетті. Сондай-ақ, ұтыс ойындары ұйымдастырылды.