Жол көлік оқиғасы Шымкентте демалыс күндері орын алды. Жүк көлігі асқан жылдамдықпен келіп асхана ғимаратына соғылған. Куәгерлердің айтуынша, «ГАЗ-53» жүк көлігінің жүргізушісі теміржол вокзалының маңында орналасқан айналма жолдағы асханаға соғылған. Абыройға орай, асхана уақытша жұмыс істемейтін болып шықты.

Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Асхана мен жүк көлігіне жеңіл зиян келтірілген. Полицейлер осы апаттың мән-жайларын анықтау үстінде.