Шымкентте «Жүрек жылуы» шарасы өтті

236

Шымкентте Ұлы Жеңістің 74-жылдығына орай «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың көрмесі өтті. Онда мүгедек балақайлардың өз қолдарымен жасаған қол өнер бұйымдары қойылды.

Күйген ағаштан жасалған, бисермен тоқылған туындылар көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Әсіресе ұлттық ою — өрнектермен көмкерілген туындылар көздің жауын алды. Шебер балалар сахна өнерінен де алыс емес екен. Қонақтарға арнайы концерттік бағдарлама әзірлеген олар әуезді әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі.