Шымкенттегі Дулати мен Мәделі Қожа көшелерінің қиылысындағы екі қабатты зәулім үй тағы да отқа оранды. Бұл үйді шымкенттіктер «елес жайлаған үй» деп атайды. Оқиға орнына екі өрт сөндіру техникасы келді. Өрт тез арада ауыздықталды. Ешкім тұрмайтын үйдің екінші қабатындағы бөлмелерде өрт болған.
Жыл басында яғни, 25 қаңтарда осы үй өртке оранған болатын. Ол кезде өртті ауыздықтауға 24 адам мен бес техника атсалысқан болатын.
Қайта қайта қатер төнетін үй бірнеше жылдан бері бос тұрғандығынан оны елес жайлаған үй деп аталып кетті. Шыны терезелерінің бәрін шағып тастаған. Өрттің неден шыққаны белгісіз.