Түркістан облысында өкпе обыры бойынша 8 мыңға жуық адам есепте тұр

316

Түркістан облысында өкпе обыры бойынша 8000-ға жуық адам есепте тұр. Ал бұл Қазақстан бойынша ең төмен көрсеткіш. Қатерлі дертке шалдыққандардың басым бөлігі экологиясы нашар солтүстік және батыс өңірінің тұрғындары екен.

Алматыдан келген үздік мамандар осы бойынша ғылыми конференция өткізіп, өңірлік дәрігерлерге жаңа медициналық өзгерістер туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, білікті онкологтар облыс тұрғындарын қабылдап, тегін медициналық көмек көрсетті.

70 жастағы Максим Гришанов 1 айдан бері өкпедегі қатерлі ісікпен күресіп келеді. Денсаулығы сыр бергеннен дәрігердің көмегіне бірден жүгінген оған бүгінде тіліксіз ота жасалынды. Науқастың жағдайы бірқалыпты.

Максим Гришанов, науқас: «Қатты терлеп тұрып, бірден мұздай суға шомылғанда ауырып қалдым. Дер кезінде ем жасаған дәрігерлерге рақмет! Қазір жағдайын оңалып келеді».

Статистикаға сүйенсек, өкпе ісігі көбіне ер азаматтарда кездеседі. Оны басты себебі ретінде экология мен шылымды көп шегу аталады. Қауіпті дертпен ауруға әсіресе ағзасы әлсіреген 55-75 жас аралығындағы адамдар бейім. Қатерлі дерттің дендеп кетуінен қауіптенген отандық дәрігерлер онкологиялық ауру белгілері байқалған тұрғындарды арнайы қабылдап, тегін медициналық көмек көрсетті.

Рамиль Абдрахманов, ҚазОРҒЗИ химиотерапиялық кеңесінің төрағасы: «Онкология саласында заманауи медицина дамып келеді. Науқастардың айығып кетуіне мүмкіндік те пайда болды. Қазақстанда молекулярлық-генетикалық зерттеулер қолжетімді бола бастады. Науқастар үшін арнайы препарат жасап шығарылды. Енді олар химиятерапияға қарағанда дәріні ішу арқылы ауруды жеңіл өткереді».

Былтыр өкпе обырынан 122 адам көз мұмған. Биыл жыл басынан бері өңірімізде 37 адам осы қауіпті дерттің құрбаны болды. Дерттің дендеп кетуіне тұрғындардың өз денсаулығына салғырт қарайтыны себеп, дейді дәрігерлер

Қарлығаш Омарова, облыстық клиникалық аурухананың онкологиялық қызметі бойынша бас дәрігердің орынбасары: «Түркістан облысында 8000-нан аса адам өкпенің қатерлі ісігі бойынша есепте тұр. Соның 5000-на кеңес берілді. 800 адам стационарлық ем қабылдап шықты. Мұның барлығы олардың медициналық тексеруге кеш келуінен болып отыр».

Осы тақырып аясында Алматыдан келген 3 бірдей маман ғылыми конференция ұйымдастырды. Олар Түркістан өңірінің дәрігерлеріне тіліксіз ота жасау жолдары мен жаңа диагностиканың тәсілдерін үйретті. Бұл — онкологиялық аурудың алдын аларына сенімді.

Айя Мүтәлі