Тәртіп сақшылары есірткі еккен тұрғынды ұстады

182

Мақтарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Ол өз арызында Мақтарал ауданының тұрғыны өз үйіне есірткі затын егіп, өсіріп, заңсыз есірткі саудасымен айналысып жүргендігін көрсетеді.

Арыз бойынша жеделдетіп іске кіріскен аудандық полиция қызметкерлері, ауласына есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті тұрғынды ұстайды. Полицейлердің анықтағанындай, күдіктінің ауласынан 200-ден астам «көкнәр» есірткі затына ұқсас өсімдікті тамырымен бірге топырақтан шығарып, заттай дәлел ретінде алады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сот сараптамасы тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. Мұндай қылмыстар 3 жылмен 8 жыл аралығында бас бостандығыңыздан айыру мүмкін.