2019 жылы 25 мамыр күні 102 номеріне Шымкент қаласы Тәуелсіздік саябағында жол жүру ережелерін бұзған автокөлік тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері «Киа» маркалы автокөлікке қызыл түсті көк түспен жанатын строп шамдары аппаратын іліп қойғанын анықтады.
Сондай-ақ, есептен шығып кеткен мемлекеттік белгіні автокөлікке таққаны үшін көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3 бөлігінде көрсетілгендей, «Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі, белгілерін орнату», оған қоса автокөлік терезелері қара түсті күңгірттелгені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, жоғарыда аталған автокөлік ақылы айыппұл автотұрағына қойылды. Автокөлікті тәркілеп алмақшы болған кезде автокөлік иесі мен қасындағы бірге болған жолдастары полицейлердің заңды талаптарына бағынбаушылық танытқандары үшін ұсталып, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-на жеткізілді. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 378-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.