Төле би ауданында биыл 4 көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі. Соның бірі, аудандық маңызы бар «Екпінді- Ақмешіт» жолындағы өткелдің құрылысы аяқталса, Ақмешіт шатқалына баратын қонақтар мен туристерге қолайлы жағдай жасалады.
Оған бюджеттен 48 млн. теңгеден астам қаржы қаралған. Мердігердің айтуынша, құрылыста тек отандық өнімдер қолданылады. Жөндеу жұмыстары 1 аптаның көлемінде аяқталып, көлік қозғалысына жол ашылады.
Болат Әжімбеков, «БЕК- ШЫН ХОЛДИНГ» ЖШС-нің өкілі: «Ертерек бітіруге әрекет жасағанбыз. Жауын — шашын көп болып, наурыз-сәуір айларында жұмыс істей алмадық. Дер уақытында пайдалануға тапсырамыз деген жоспар бар».
Ғалымжан Кенжебек