Түркістанда «Ясауитану-2019» сайысының іріктеу кезеңі өтті

329

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ясауитану – 2019» байқауының Түркістан қаласындағы іріктеу кезеңі өтті.

Сайысқа Түркістан қаласынан 30-ға оқушы қатысып сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды №19 жалпы орта мектебінің оқушысы Нарзулла Назерке иеленсе, екінші орынды Ә.Науаи атындағы №13 жалпы орта мектебінің оқушысы Хавасханова Салихабану бағындырып үшінші орын Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушысы Аманжол Томирисқа бұйырды. Аталған үш оқушы Түркістан қаласы атынан республикалық байқауда бақтарын сынайтын болады.

Биыл 21-ші рет өтіп отырған білім және өнер сайысының мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімін, «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген дара тұлғалардың елі үшін атқарған еңбектері мен Түркістан қаласының тарихын, Әмір Темір дәуірінен қалған құнды ортағасырлық жәдігерлерді және мұражай ісін насихаттау болып табылады.