90 жастағы қария Жапония үкіметін сотқа берді. Түркістан облысы Леңгір қаласының тұрғыны күншығыс елінен 7 млн доллар өндіріп алуға ниеттідеп отыр, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.
Үй астыда 24 жапон солдаты жерленгені туралы Мәмед Әлиев осыдан 60 жыл бұрын білген. 1956 жылы Ленгер қалалық атқару комитетінің шешімі бойынша ер адамға жер телімі бөлінді. Құрылыс жұмыстары кезінде ол адам сүйектерін тапқан. Қария Ұлы Отан соғысынан кейін қалада лагерь болғанын, онда 1946-1948 жылдар аралығында жергілікті шахтада жұмыс істеген жапондық тұтқындар қамалғанын айтты.
Жапон үкіметі отандастарының осында жерленгенін білетін көрінеді. 1987 жылдан бастап шетелдік делегация Мамед Әлиевке жыл сайын келген. Үй иесімен олар ауызша келісім орнатып, жер телімін сатып алып, мұнда ескерткіш орнататындарын айтқан. Оларды сақтағаны үшін зейнеткерге 200 мың АҚШ долларын төлеуге уәде берген. Бірақ уәделер тек сөз жүзінде ғана қалды, дейді қария. Енді Мамед Әлиев жапондықтардан 7 млн доллар талап етеді.
«Мен уақыт жоғалттым. Бәрінен, жұбайымнан, денсаулығымнан айырылдым. Менің моральдық шығынымды өтесін, — дейді Мамед Әлиев.
Соңғы рет жапондықтар 2012 жылы зейнеткердің үйінде болған. Делегация құрамында сүйектердің ДНК-сын зерттейтін сарапшылар да болды. Бірақ сүйектерді алып кеткен жоқ. Жапондықтардың келгенін сол кездегі Ленгер қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары зейнеткер Вера Пакрова да растап отыр.
Зейнеткер жақында Токио Жоғарғы сотына талап арыз берген.