Әнші — композитор Алтынбек Қоразбаев бастаған Майра Ілиясова, Мөлдір Әуелбекова, Нұрлан Албан, Төреғали Төреалі, Ернар Айдар, Алмас Алтынбеков сынды бірқатар әншілер Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасылар мен әскерилерді қолдау мақсатында тиісті әлеуметтік көмек көрсетуге келе жатыр.

Айта кетсек, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тікелей тапсырмасымен министрлікке бағынысты мекемелер бір күндік жалақыларын аударып, өнер майталмандары тиісінше қолдау білдіруде.

Қайырымдылық жұмыстары 27 маусым күні Арыс қаласына «Арыс, біз біргеміз!» гуманитарлық көмек мақсатындағы көмек керуенімен жалғасады.
Сондай-ақ, мәдениет және спорт қайраткерлері халықтың рухын көтеріп эвакуацияланған тұрғындар мен әскерилерді қолдау мақсатында Арыс қаласына аттанатын болады. Акцияны мәдениет қайраткерлері Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болман, «Жігіттер» тобы, Ернар Айдар, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Әуелбекова Мөлдір, Бүркіт, Әйгерім Қалаубаева, Құрмаш Маханов, Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова, «Заман» тобы, Ұлықбек Есдәулет, Жанболат пен Жазира Байырбековтер, Қайрат Әділгерей, Жұбаныш Жексенұлы, Жанар Дұғалова, Әлішер Каримов, Арман Дүйсенов, Майра Ілиясова, Айгүл Қосанова, Нұрлан Албан, Жанар Айжанова, Зарина Омарова, Бейбіт Кушкалиев, Аманжол Әлтаев, Мұхтар Ниязов, Қайрат Нұртас, Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов спорт қайраткерлері Ермахан Ибраимов, Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев және басқалар қолдауда.