Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты тұрғындарды сабырға шақырды.
Инстаграм әлеуметтік желісіндегің парақшасында «Арыс қаласында орын алған оқыс жағдайға байланысты жедел жәрдем көліктері мен тұрғындарды көшіру үшін арнайы автобус жібердік. Шымкентте адамдарды қабылдау үшін арнайы жатақхана дайындап жатырмыз. Барлық қызметтегілер сақадай сай тұр. Егер қажет болған жағдайда еріктілерді шақыратын боламыз. Әзірге олардың көмегі қажет емес сияқты. Барлықтарыңызға сабырлылық сақтауға шақырамын. Шымкент қаласы үшін ешқандай да төніп тұрған қауіп жоқ. Зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатырмыз», деп жазды қала әкімі.