Құны 3 млн. теңге тұратын жылқы ұрланды

223

Мамырдың соңғы күнінде Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғыннан мал ұрлығына қатысты хабарлама келіп түскен. Арызданушының мәлімдеуі бойынша ауыл маңындағы жайылым жерінде көкке жайылып жүрген бірнеше малдарының ішінен 1 бас жылқысын белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі жайлы арызданған. Болған жайт ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық» бойынша Төлеби АПБ-нің СДТБТ тіркеуге алынды. Аталмыш ұрлық қылмысы жәбірленушіге 3 000 000 теңге көлемінде шығын келген.

Осыдан соң, мал ұрлығы бойынша тағы бір арызданушы АПБ-не хабарласып, ауыл маңындағы жайылымдық жерден 1 бас жылқысының ұрланғандығын айтқан. Жәбірленушіге 700 000 теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Аталмыш мал ұрлықтарының ізін суытпай жедел ашу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Төлеби АПБ қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. Білікті полицейлер өз құзыреттеріне сай қылмыскерлерді құрықтау үшін кешенді іс-шаралардың барлығын дерлік атқарды. Яғни, жайылымдық жерлерді тыңғылықты тексеріп, аймақтарды тінтіп шығу бойынша бірқатар әрекеттерді іске асырды.

Осылайша, атқарылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер мал ұрлығына қатысы бар сол ауылдың тұрғынын құрықтады. Тергеу барысы көрсеткендей, күдікті жайылымнан 2 бас жылқыны бір күнде жымқырған. Сонымен қатар, күдіктіден жауап алу барысында ұрланған малдарды тиісті орынға жеткізу үшін өзінің таныстарын көлігімен бірге пайдаланған. Және таныстары оның көлікке артқан малдарының ұрлықы екендігін білмеген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.