Көпшіліктің көзайымына айналған әнші Қайрат Нұртас өзге әріптестері сияқты үнсіз жатпай, өз пікірін Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
Хитмэн-әнші елімізде соңғы уақытта болып жатқан саяси ахуалға қатысты өз пікірін білдірді. Ол рұқсат етілмеген митингтерге шығып, қамалған қандастарымызға араша түсті.
«Иә, мен әншімін. Бұл менің бала-шағамды асырап отырған жұмысым. Осы уақытқа дейін ешкімнің жағына шыққан адам емеспін, себебі xалықтың тыныштығы мен үшін ең маңыздысы. Алайда,\ соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, xалқымның қаны төгілсе, қарап қалмаймын. Өйткені, мені көтерген xалық! Елімде болып жатқан жайттарға жүрегім ауырғаннан, бей-жай қарап, үнсіз отыра алмаймын. Бірақ 1986 жылғы оқиғаның, қазағымның қаны төгілгенін де қаламаймын. Құдай сабыр берсін!
Биліктегілерге xалықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді. ҚР Конституциясына сәйкес, мемлекеттің ең бірінші байлығы ол — халық. Халыққа қарсы шығу — Аллаға қарсы шығумен тең. Осы орайда үкіметтен барлық жанайқайын жеткізіп, қамалған бауырларымды, халықты босатуыңызды сұраймын!
Бұл дүниеде барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынын да естен шығармағанымыз абзал! Алланың өз есебі бар шығар. Бүлік шыққан мемлекеттердің де оңғанын көрмедім. «Ашу — ыза, ақыл — дос» демекші, барлығына басқаша қарайық. Құдай қайырын берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!»,- деп жазды әнші.
Айта кетейік, Қазақстанда 9 және 10 маусым күні рұқсат етілмеген митингтер өтіп, 700- ге жуық адам ұсталған болатын.