ҚР Премьер-министрі Шымкентке жұмыс сапарымен келді

174
фото shymkent.gov.kz

Асқар Мамин Шымкенттің автобусына отырды. Қаламызға ат басын бұрған үкімет басшысы «Shymkent bus» автопаркін де тамашалады. Тізілген жасыл автобустардың біріне мінген Премьер — министр отандық өнімге оң бағасын берді.

Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапары барысында жергілікті нысандар мен көліктің инфрақұрылымның жұмысымен танысты.

Премьер-Министр алдымен қаладағы кәріз-тазарту жүйелерінің аумағында болып, қалдық суды тазарту жүйесінің жұмысымен танысты. Қалдықтан электр энергиясын алатын биогаз қондырғысының жұмысын көрді.

Жауапты мамандардың Үкімет басшысына баяндауынша, 2016 жылы тазарту құрылғыларына жаңарту жұмыстары жүргізіліп, тиімді технологияның көмегімен өндірістік қуаттылығы тәулігіне 150 мың т.м. жетіп отыр. Биогаз өндіретін станция орнатылған.

Жалпы, қала бойынша қалдық су жүйесінің ұзындығы – 838 шақырым.
Қалдық су және кәріз жүйесінің жұмысын одан әрі дамыту үшін қала аумағында алдағы уақытта қуаттылығы тәулігіне 150 мың және 60 мың т.м. болатын 2 кәріз тазарту қондырғысын салу жоспарлануда. Құрылыс бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады.