Арыс қаласындағы Ережепбай Молдабаев атындағы орта мектепте тұрғындар уақытша қоныстанатын 800 орын дайындалды. Мұнда жарылыс салдарынан үйлері толық бұзылған және жарамсыз күйге түскен тұрғындар орналасады.
Бұл орталықта қоныстанушылар 3 мезгіл тамақпен және жатын орындармен қамтылмақ. Балаларға арналған ойын алаңшалары да қарастырылған. Ал жарылыстан зақым келген үйлер толық жөнделген соң тұрғындар өз шаңырақтарына оралады.