Түркістан қаласы үшін 2019 жыл «Жастар жылы» ғана емес, құрылыс жылының қызған шағы. Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгуде.
Соның бірі – «BI CONSTRUCTION TURKESTAN» компаниясы. Мердігер мекеме биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Ұлы Дала Елі» орталығының құрылысын жүргізуде. Нысан келесі жылға өтпелі. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысы әкімдігінің сыйы – 2020 жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.
Жоба жетекшісі Айгуль Бапишеваның айтуынша, 0,8 га жер телімінен бой көтеретін орталықтың көлемі 6200 шаршы метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өз кезеңімен жүріп жатыр.