Жабырқау жұрттың көңілін сұрап еліміздің өнер иелері Шымкентке келді. Сәкен Майғазиев, Бағлан Әбдіраимов бастаған әншілер атбасын алдымен орталық мешітке бұрған. Оларды көрген көңілі алаң жұрт уайымдарын бір сәтке ұмытқандай. Суретке түсіп мәре-сәре болды.
Өнер иелері жерлестерінің қиын сәтінде қимылсыз қалудан ұялғанын айтады. Осылайша арыстықтармен жүздесуге араға бірер күн салып жетіпті.
Сәкен Майғазиев, әнші: «Біреуі 10 млн теңге салса, біреуі 10 мың теңге салып, шама-шарқына қарап, көмектесіп жатқаны біздің елдігіміздің белгісі. Көзімізді қуантып, көңілімізді көншітті. Бұл сынақ. Өзіміздің туған өлкемізге атбасын бұрып, қастарынан табылып, көзімізбен көруге келдік».
Назерке Үкібасова