Ауыл шаруашылығы саласы Түркістан облысының экономикалық драйверіне айналмақ. Саланы дамыту үшін ағын су мол болуы шарт.
Осы күрделілікті шешу мақсатында өңірге үкімет тарапынан қолдау көрсетілді. Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаевтың айтуынша Оңтүстік өңіріндегі су қорына қатысты Үкіметпен 1 айда 5 қаулы қабылданған.
Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы: «Өңірдің кешенді даму жоспарын жүзеге асыруға 1 трлн.236 млрд. теңге қарастырылуда. Егіншілікке қажетті ағын суды қамту мақсатында Үкіметпен 1 айда 5 қаулы қабылданды. Құжаттар су қорына қатысты. 5 су объектісі Түркістан облысының балансына өткізілді. Ағын сумен қамту үшін біз «Бөген су» мекемесін құрдық. Енді ағын судан күрделіктер туындамайды деп есептеймін».
Шынар Оразова