Айнұр Тұрысбек  ШымкенттеЫQPAL жинағымен жаңа шоуын ұсынды. «ATLAS» мейрамханасында танымал қазақстандық дизайнердің сәнді арт-көрсетілімі өтті.

Осы кеште Айнұр Тұрысбек сәнді киімдер3мен ғана емес, қазіргі заманғы сән әлеміне деген өзіндік көзқарасымен де таң қалдырды. Белгілі қазақстандық дизайнер Айнұр Тұрысбек таңдандырудан жалыққан емес, бұл жолы ондаған жанрларды байланыстырыпты. Музыканы, балетті, вокалды және сәнді біріктірген дизайнер ЫQPAL – туын көрсетті.

«Біз әрдайым коллекциямызды өз Отанымызда толқыныспен ұсынамыз. Мен кез-келген табысқа бірлікпен және ынтымақпен қол жеткізуге болатынын білемін. Сондықтан да бүгін достарымызбен және әріптестерімізбен бірге Шымкентке ЫQPAL сән балетін паш еттік. Біз мүмкіндігінше арт-бағыттарын біріктіріп, сән көрсетеміз оны өнерге айналдырудамыз, өйткені біз үшін бұл өнерден де жоғары, біз оны жан жүрегімізбен жасаймыз», – дейді сәнді кештің иесі Айнұр Тұрысбек.

ЫQPAL – сыртқы сұлулықтың ғана емес, сонымен қатар ішкі күштің бейнелеуі. ATLAS мейрамханасында шоуды – опера жұлдызы Зарина Алтынбаева ашты. Атақты жұлдыз Айнұр Тұрысбектің қолынан шыққан сәнді киімде. Ажардың ариясын орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Айнұр Тұрысбектің сәнді киімдерін 21 сәнбике көпшілікке паш етті. Шымкенттік көрерменге бірегей сән үлгілері көрсетілді. Жаңа топтаманың ерекшелігі – киім-кешектер мен бас киімдердің барлығы да қолмен жасалған. Қолмен жасалған дүниенің қашанда құны жоғары.

ЫQPAL сән кешін ұйымдастыруға Canvas Hotel, L’Officiel журналы, Forbes, «Отырар» медиа холдингі, Шымкент қаласының әкімдігі, Constella, «Gas Travel» және «Retro Garage» қолдау көрсетті. Олар Айнұрдың сән-көрсетілмін ұйымдастыруда ғана емес, қайырымдылық жобасына да үлес қосты.

ЫҚПАЛ сәндік балеті кештің басты кейіпкері Айнұр Тұрысбекпен бірге фотоға түсумен жалғасты.

Шымкентке ЫQPAL сән балеті алғаш рет көрсетілді. Бұған дейін ол Алматы көрермендері мен Париждің сәнқұмарларына ұсынылған болатын.