Шымкентке іс-сапармен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік академиясының қаладағы бөлімшесінде болды.

Мұнда білікті мемлекеттік қызметкерлерді дайындау бағытында қолға алынған жаңашыл жобалармен танысты. Жастар мәслихатының белсенділері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу сияқты жобалары жайлы жоғары шенеуніктің алдында баяндап берді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің қызметкерлерімен жүздескен Агенттік төрағасы шенеуніктердің міндетіне қатысты сұрақтарды төтесінен қойды.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы: “Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 30 пайыздан 50 пайызға дейін көтеру қарастырылуда. Нәтижесіз жұмыс істейтіндер қысқартылады».

“Жалақысы өскен мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейтіледі. Бәсекелестік бар жерде қызметкерлер арасында жұмысқа деген ынта өседі және ол нәтижелі болмақ. Қызметтегі азаматтардың басты ұстанымы Халыққа адал қызмет ету керек” дейді еліміздің бас мемқызметкері.

Ғалымжан Кенжебек