Сарыағаш АПБ-не Алматы қаласының тұрғыны хабарласып арызданды. Ол өз арызында Сарыағаш қаласы Шымкент-Жетісай тас жолының бойында түнгі сағат 3:00 шамасында екі белгісіз азамат 500 000-нан астам ақшасы бар сөмкесін ұрып-соғып, тартып алғанын айтып көрсетеді.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына «Тонау» іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Жәбірленушінің күдіктілер жайлы айтқан белгілеріне, ерекшеліктеріне байланысты аудандық полицейлер шұғыл-іздестіру шараларын жүргізеді.
Нәтижесінде жергілікті екі тұрғын күдікті ретінде ұсталып, кінәларын толық мойындаған. Осы қылмыстық оқиғаға сәйкес, айғақты заттар тәркіленіп алынды. Бүгінгі таңда күдікті азаматтардың біреуіне қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы арқылы қамалып, сыбайласына міндеттеме қолданылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері түнгі мезгілде жалғыз жүрмеуді, көлікте болсаңыз да, қасыңызда серік болуды ескертеді. Өйткені түнгі уақыт, қылмыскерлердің арам ойын іске асыруға асығатын сәті. Жалғыз жүріп, бір бәлеге ұрынуыңызда мүмкін, сол себепті сақтық шараларын ұмытпағайсыздар деп кеңес береді.