Арыс қаласындағы жарылыстар салдарынан 3 адам қайтыс болды.

«Қорғаныс министрлігі Шымкент қаласының емдеу мекемелерінің бірінде Арыс қаласының әскери бөлімдерінің бірінде болған төтенше оқиға салдарынан келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі сержант А. Н. Ахметов қаза болғанын хабарлайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.