Арыстағы жарылысқа байланысты дүрбелең әлі де басылған жоқ. Оқиға орнынан тілшіміз Мақпал Рысбаева хабарлайды.
«Қарааспан ауылдық округінде тұрмыз. Қазір мұнда абыр сабыр болған халық бірі өз көлігімен, бірі көршісінің көлігіне мінгесіп, қауіпсіз жерге көшудің әрекетін жасап жатыр. Таңертеңнен бері басталған жарылыс әлі де жалғасуда. Тұрғындар шұғыл қызметке зәру екенін айтады. Алайда әзірге мұнда шұғыл қызмет өкілдерін байқамадық».