Оқ-дәрілер жарылысының салдарын жоюға жеке құрамнан 1800-ге жуық адам және 50-ден астам техника жұмылдырылды. Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев оқиға орнында.
Қорғаныс ведомствасының басшысы әскери бөлім орналасқан жерге барып, материалдық-техникалық жағдаймен танысты және әскери қызметшілермен кездесіп, қызмет атқару орындарын аралады. Жұмыс барысында кейбір мәселелер бойынша жедел шешім қабылданды.
Аталған арсеналда қуатты және қауіпті авиациялық бомбалар, ешқандай радиоактивті оқ-дәрілер сақталмағанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта төтенше оқиға орын алған жерге Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1800-ге жуық адам, 50 бірліктен аса техника, 6 ұшу аппараты, оның ішінде әуе барлауына қажетті ұшқышсыз ұшу аппараты тартылып, әскери саперлер өз жұмысын бастап кетті.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу тәжірибесі бар әскери қызметшілердің ішінен 9 сапер тобы жұмыс істеп жатыр. Аталған топтар аумақты жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту бойынша іс-шаралар кешенін орындайды.