Арыстықтар үйлеріне қайта бастады

80
Фото Шуддин Саидов

Шымкентті паналаған арыстық тұрғындар бүгін таңертеңгісінен бастап Арысты бетке алды. Алғашқы рейс Арыс қаласына кіріп үлгерді. Жойқын жарылыстан зардап шеккендер Шымқаладан аттанып кетті.

Жатар орынмен, тамақпен, қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз еткен бүкіл қазақстандықтарға арыстықтардың айтар алғысы шексіз. Таңғы алтыда екі микроавтобус жолға шығып кетті. Тағы да ондаған автобус қайтуға ниеттілерді күтіп тұр.