Жетісай АПБ-нің қызметкерлері де осындай профилактикалық іс-шаралар негізінде ешқайда жұмыс істемейтін, жергілікті тұрғын, ауласында есірткі егіп, қолданған күдіктіні ұстады. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 103-бабы «Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру» бабының 1-бөлігімен сотты болды.
Аталған күдікті көше бойында ақ матаға оралып жатқан есірткі заттары бар сора өсімдігінің ұрықтарын тауып алып, оны үйінің ауласындағы мал қорасына тығып қойып, заңсыз өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар сора өсімдіктерін ірі мөлшерде өсірген. Ешкім көрмесін деп, жүгері өсімдігінің арасына егіп баптаған. Сондай-ақ, өсірген есірткіні жұлып алып, кептіріп, есірткі затын қоғамдық орындарда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұрғыда тұтынған.
Аталған жайттарды, Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ораз Улугманов профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде, тексеріс барысында анықтаған.
Жоғарыдағылардың негізінде орын алған заңсыздық, ҚР ҚР ҚК 300-бабы (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді. Құқықбұзушылық жасап, заңсыздыққа жол берген күдікті ұсталып, бүгінде қамауда. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданған. Түркістан облысы полицейлері есірткі қолданып болмаса өсіріп өзің ғана емес бүкіл қоғамды улау заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді. Қайта салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы әрекеттер жасап өмір сүруге шақырады.