Үйлі болуға тағы бір мүмкіндік туып отыр. «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы аясында үлескерлік құрылысты іске асыруда. Ал үлескерлердің қауіпсіздігін «Тұрғын үй құрылысы кепілдендіру қоры» қамтамасыз етеді. Қолжетімді бағада салынып жатқан бұл баспаналардың сапасы қалай, пәтерлерге кімдер қол жеткізе алады?

Құрылыс алаңында жұмыс екі ауысымда қыз-қыз қайнап жатыр. Құрылысшылар болашақ зәулім үй кешенінің іргетасын салуда. «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-і Шымкенттегі әкімшілік іскерлік орталығында «Бақыт» деп аталатын тұрғын үй кешенінің құрылысын қолға алды. Келер жылы пайдалануға берілетін 9 қабатты тұрғын үйде 1,2 және 3 бөлмелі 174 пәтер бар. Құрылыстың сапасы мамандардың қатаң қадағалауында.

Ақболат Қалмырзаев, «Оңтүстік құрлыс сервис» ЖШС учаске басшысы: «Біз құрылыс материалдарын өзіміздің зауытта өндіреміз. Қытайдан әкелініп жатқан материалдардай емес. Сапалы. Құрылысты уақытында бітіріп аяқтаймыз деген жоспар бар».

Құны қолжетімді бұл пәтерлерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның бағдарламасы арқылы алуға болады. Тұрғындарды сапалы баспанамен қамту мақсатында қолға алынған бұл бағдарлама аясында пәтерлердің әр шаршы метрі 210 мың теңгеден басталады. «Тұрғын үй кепілдендіру қоры» АҚ үлескерлер салымын сақтауды толық қамтамасыз етеді дейді мамандар.

Асқар Усупов, «Оңтүстік құрлыс сервис» ЖШС сату және маркетинг дапартаментінің басшысы: «Оңтүстік құрлыс сервис» ЖШС «Бақыт» тұрғын үй кешені жобасын іске асыру үшін «Тұрғын үй кепілдендіру қорынан» кепілдік алған алғашқы компания. Былтырғы жылы құрылысы қолға алынған тұрғын үй кешені шілде айында тапсырылуға беріледі. Бизнес классқа жатқызылатын 9 қабатты үй бірінші ьқабаты коммерциялық нысан болып табылады, жер асты паркингі бар. Құрылысын биыл бастап жатықан екінші кешен 2020 жылы пайдалануға беріледі».

"Бақыт" тұрғын үй кешенінен пәтер алуға асығыңыз

Баспаналы болудың шарттары қарапайым. Несие рәсімдеу кезінде болашақ баспана кепілдікке қойылады. Жылдан жылға шарайланып келе жатқан шымқаланың ажарын аша түсетін болашақ тұрғын үй кешенінің құрылысы келер жылы аяқталып, сәуір айында ел игілігіне табысталады деп күтілуде. Құрылысшылар модульді құрастырмалы тұрғын үйлердің іргетасы 50 жылға дейін шыдас береді дейді.