Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы болып Утебаев Елнұр Рахымбердіұлы тағайындалды.

Елнұр Рахымбердіұлы 1984 жылы17 қазанда дүниеге келген. «Болашақ» Президенттік бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын 2006 жылдан «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ радиомониторинг бөлімінің инженерінен бастаған. «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ өндірістік-техникалық басқармасы техникалық комлекс бөлімінің маманы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы, Көліктік бақылау комитеті Көліктегі бақылауды автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы, ҚР Инвестиция және даму министрлігі Көлік комитеті көліктегі автоматтандыру басқармасының басшысы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі,Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингібөлімінің басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігі басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылғы шілдеден бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және цифрландыру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.